Posts filed under 'Дәруішөлген автономиясы'

Дәруішөлген аңыздары (“Жарты ғасыр жырлайды” кітабынан алынды)

***

Больцман би Дәруішөлген ханы – Антуан Шәріппен арақ ішіп отырса, Мастұр батыр кіріп келіпті дейді. Қашанғы тақпақтап сөйлейтін Больцман би  Мастұр батырға қарап:
- Сәлем, ептібайымайт Мастұр батыр!
Жауынгерлер жорыққа не деп жатыр?
Қазақтардан жерімізді қайтармасақ,
Қалмас па екен ұрпағымыз болып пақыр? – десе, қашанда сөзге әнаңң, то есть – шешен Мастұр батыр бұл жолы да сөзге тосылмай:
- Кетнақ – деген екен.

***

Мастұр батыр тойда отырса, жергілікті сайқымазақ Влад Әмірқұлов оның құйрығының артынан целлофан пакетті жарып жіберіп, Мастұр батыр жел жіберіп қойд деп, жарияға жар салыпты. Сонда қашан да сөзге әнаңң, ой кешірерсіздер – шешен Мастұр батыр тосылып қалмай:
- Жіберсе – жіберген менің көтім,
Қызарса – қызаратын менің бетім.
Болмашыны дүйім жұртқа жария қылған,
Болып па сенің бетің – менің көтім? – деген кезде, сөзден ұтылған Влад Әмірқұлов, Мастұр батырға шапан жауып, өзі – асылып өлген дейді.

***

Біздің Қазақстандықтардан айырмашылығымыз – ұлы адамдарда да кемшілік болатынын мойындаймыз. Соған байланысты Мастұр батырдың сөзден ұтылған жерлері де бар ел аузында.
Бірде Мастұр батыр Антуан Шәріп ханның қызын зорламақ болып, түнде шарбағына секіріп түссе, Антуан Шәріп ханның қызы екі жігітпен жатыр екен. Сонда Қашан да сөзге әнаңң, то есть – шешен Мастұр батыр сонда:
- Охоу! Мынау не жатыс, ханның қызы!
Қатарыңа қоса сал мына бізді!
Аналардан артық болмасам – кем болмаспын,
Тегін емес қашан да – батыр сөзі! – деп, сәкіге жақындаса, сөзден тосылмаған ханның қызы сонда:
- Жоғалнақ – деген екен. Мастұр батыр ұялғаннан цистернаға кіріп кете жаздадым деп айтып жүруші еді, марқұм…

4 comments Шілде 30, 2008

Дәруішөлген автономиясының тарихы

“Әй ептібайымайттар, өстіп мал болып жүре береміз бе нақ, әнасстың?” Мастұр батырдың сөйлеген сөзінен

Дәруішөлген – Орал облысы мен Ақтөбе облысының спорный территориясы. Ол қалайша болған?

1947 жылы Мемлекеттік кадастрдың нұсқауымен Ақтөбе облысы мен Орал облысының территориясын межелеуге комиссия келеді. Ақтөбе жағынан да, Орал жағынан да шыққан жер өлшеушілер арақты сілтеп, бірі-біріне 54 шақырымдай жетпей қалады. Дәруішөлген нақ осы 54 шақырымдық ареалда қалып қояды. Осындай әрі-сәрі күйде 1991 жылға дейін өмір сүріппіз. 1991 жылы тура Қазақстан Республикасы тәуелсіздік жариялағаннан кейін тоғыз жарым сағаттан кейін біз де автономия жарияладық. Ресми тарихшылар Қазақстанды алғашқы болып Түркия таныды деп бөседі. О, нақ, тарихты бұрмалағаннан не табады екен десейші, әжесстің! Шын мәнінде Қазақстанды алғаш мойындаған – біздер, жарты-ақ сағаттан кейін.

Дәруішөлгеннің табысының негізгі көздері – аграрлық және арақ өндіру өнеркәсібі мен қалада зинақорлық жасау. Бұдан басқа радиоэлектроника, астрология мен космоэнергетика жақсы дамыған.

Дәруішөлген – зайырлы кент. Дүниеде теңдесі жоқ синашіркеумешіт тек біздерде ғана бар. Жақында пұтқа табынушы Васисуалий Әйбергенов бастаған бес адамнан тұратын топтың Конституциялық құқықтарын ескеріп, синашіркеумешітімізге олардың табынатын тас мүсіндерін орнатпақшымыз. Тас мүсіндері – адамның тасы екен, сондықтан оны орнату-орнатпау жөніндегі дау-дамай әлі басылған емес, бірақ біздер үшін адам құқығы екінші орында тұрғандығын айта кетейін, сондықтан – түбінде орнатамыз.

Мемлекеттігміздің барлық нышандары 1993 жылға дейін қалыптасып бітті. Байрағымызды кентіміздің белгісіз суретшісі Семен дәруіш Самсонов салғанын мақтанышпен айтып өткім келеді. Жалауымызды қыртымай, жай ғана минус таңбасымен белгілеуді жөн көрдік. Әнұранымыз мәтіні осы кентіміздің атақсыз жазушысы, әйгілі Мастұр батырдың шөбересі – Хосе Мырзалиев жазған.

Жалпы – осындаймыз. Дәруішөлгенге қош келдіңіздер!

10 comments Шілде 27, 2008

Next Posts


Соңғы камментер, әжесстің.

Дос сайттар

Қас сайттар

Нақтың тақырыптарым, папасстың!

1 Арақ пен қу өмір Батиқа Хулимырзаева Дәруішөлген автономиясы Жұлдыз жорамал Нақу ақын Пәлсапалық трактаттар Хард-әдебиет Шешесс... Ық-ық Әлем хуйлықтарының хертегілері

Бәтиқашым менің!

Бұтақбас