Posts filed under 'Дәруішөлген автономиясы'

Тарихтың тасақ беттері

«Мастұр батыр бастаған кент-азаттық қозғалыс әлі тарихи бағасын алған жоқ» Шәкизат Рубинштейн, тарихшы.
«Әй, ептібайымайдтар, мен бастаған кент-азаттық қозғалыстың тарихи бағасын қашан бересіңдер, а нақ?» Мастұр батыр. (жалғасын оқу…)

14 comments Қазан 7, 2009

Хуянышты хуйбар, жама’ат!!!

Сәуір 4, 2009

Жаңа мегапортал іске қосылды!!!

Төмендегі тақырыпта, кентіміз портал ашатынын хуйбардар еткен болатынбыз. Жақында ғана Олбани

http://daruisholgen.moy.su

http://daruisholgen.moy.su

штатының портал жасақтаушыларымен бірігіп, алқашқы порталымызды жіберіп отырмыз. Порталдан кентіміздің тыныс-тіршілігі, дәреттерінің анализі және сұхбаттар болмақ. Кіріп-шығып тұру өзіңізге байланысты. E-Үкіметті P-Үкіметпен қалай наққа жіберілгеніне куә боласыздар. Бұдан басқа жаңа бір қызмет көрсеткелі отырмыз. Жақында SMS арқылы өзіңіздің жек көретін, не жақсы көргеннен жыныңыз келетін адамды наққа жібере аласыз, және кімді наққа жібергеніңіз бірден мегапорталымызда көрініп тұрмақ! Бір кіріп шығуыңдар ағайын, әжесстер кілең!

КЕЛІҢДЕР НАҚ, БӘРІҢ, ЕПТІБАЙЫМАЙТТАР!!! аУЫЗДАРЫҢА КЕЛГЕНІН АЙТЫП, АҚ ИТ КІРІП, КӨК ИТ ШЫҚСЫН НАҚ!

3 comments Қазан 30, 2008

Протонды Үкімет іске қосылды!

Өткенде, кентканцлеріміз Анджела Мейірқұлова өзінің ашынасы Бітуажа Швайнштайгермен кезекті зинақорлық кезінде Үкімет пен Дәруішөлгендіктердің қатынасын тығыздай түсуге шара қолданыңдар деген болатын. Кентканцлеріміздің Дәруішөлгендіктерге Ашынасы арқылы Үндеуін жерге қалдырмау мақсатында Бітуажа маған хабарласты. Ол менің, атамыздан қалған асымыз – араққа арнаған мегапорталым барын білуші еді. Мен ертеңіне-ақ кентканцлеріміз Анджела Мейірқұловаға, электронды Үкімет ашайық деген ұсыныспен барып едім, өй, Қазақстанға ұқсас болмасын деп, наққа жіберді. Енді қайттік деп, боқтанып тұрғанда, ақыл – кәріден демекші, арақ зауыттың бұрынғы электригі Саймон Асанов амалын тауып берді! Ол бірден, егер Қазақстандыкі – электронды болса, біздікі – протонды болсын деді. Ол қалай шешең деп едік, ептібайымайттар, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОМПЬЮТЕРЛЕРДЕ КОРПУСТА МИНУС БОЛСА, БІЗ – КОРПУСҚА ПЛЮСТІ БЕРЕМІЗ ДЕЙД!!! Ал шешесс, Фарадей – уішівөл, басңменжарск!
Табылған ақыл! Рационализаторлық ұсынысы үшін Саймон Асанов бюджет есебінен араққа тойғызылып, өзі – наққа жіберілді.
Протонды Үкіметті жасақтау қызу дайындық үстінде. Дәруішөлгендіктерге болашақ домен атауы: www.p-gov.daruisholgen.com екенін ескертеміз! Ептібайымайттар, порносайт қарай бергенше, жетімсіретпей кіріп тұрыңдар, нақтар кілең!

2 comments Қазан 27, 2008

Шопанбауыр пәлсапасы

Симона бірде ең либерал гигапорталымыз – Солай.Денің форумында ма, чатында ма, “Кантты оқыдың ба?” деп сұрады. Сосын құрысын, қазақтар үшін бұл маңызды шығар деп, әрі Симонаға аса надан адам ретінде көрінгім келмей, кітабын алдым. Кант Иммануилді бастамай жатып-ақ, одан да “Эммануил” деген көк ала секс фильмді көргенім – мың есе артық екенін түсіндім. Себебі, өте ауыр жазылған. Қуған еңбек екен, нақтың! Гитлер Канттың кітаптарын өртеткен дейд, дұрыс та істеген шығар, әнасстың рейхсфюрері!
Назарларыңызға Дәруішөлгендіктердің пәлсапасы – Шопанбауыр ғұламаның пәлсапасын ұсынамын. Дәруішөлгендіктердің бірнеше ұрпағы осы пәлсапамен өмір сүріп, ешкімнен кем болғанын естіген жоқпын, атасстар!
Сонымен Шопанбауыр үшін адамдар екіге бөлінеді: байитын ептілер мен байымайтын ептілер. Байитын ептілер өмір бойы – байи бермек те, байымайтын ептілердің маңдайына өмір бойы мүшеқапты да қайыр тілеп табу азабы жазылған. Ең соңында екеуі де өле қалады. Өлгеннен соң олардың жаны не аспанға, не Аид патшалығына, не тағы да басқа бұтағымды жеген жерге бармайды, себебі оларда жан – жоқ. Өле қалады, сонымен бітеді. Артынан қалған ұрпақтары олардың жарқын бейнесін мәңгі тұрмақ, жиырма минут та есте сақтамайды, апарып, кез-келген оңтайлы әдіспен көміп тастап, тіршілігін жалғастыра береді. Сонымен бітті. Болды. Пәлсапамыздың сапасының  Кант, Ниццше не басқа кещеден кем боп тұрған ештеңесін көріп тұрған жоқпын, шөбересстің!

4 comments Қазан 26, 2008

Кенттік “Көне үй” бағдарламасы

Кентімізде “Көне үй” бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдау басталды. Құжат қабылдау мерзімі он күнге созылады. Құжаттар келесі тәртіппен қабылданады:
- Бұл дүниеде бар екендігіңізді растайтын куәлік – 20 дана көшірмесі;
- Бұл дүниеде біреуге қарыз екендігіңізді өтірікке шығаратын куәлік – 20 дана көшірмесі;
- Арғы атаңыздың дүниеде жоқ екенін куаландыратын жиырма көршіңіз қол қойған хаттама;
- Арғы әжеңіздің дүниеде жоқ екенін куаландыратын жиырма көршіңіз қол қойған хаттама;
- Кез-келген бірдеңені куландыратын кез-келген қағаз – 1 дана, қандай қағаз болатынын өзіңіз таңдай аласыз;
- Құжат тапсырғанда әйелінің жасы 40-тан аспаған, ерінің жасы – 25-тен аспаған болуы тиіс;
- Үйден үміткерлердің көздерінен үміт оты жанып тұруы тиіс, ол туралы – окулисттен анықтама әкелесіз;
- Үй беріле қалған жағдайда, қуанғаннан жүргеіңіз жарылып кетпейтіні туралы кардиохирургтан анықтама;
- Үй берілмейтінін естірткен кезде, “асылып, атылып өлем!” деп, қоқан-лоқы жасамайтыныңыз туралы қолхат;
- Үйді алған жағдайда бір аптадан артық уақыт жумайтыныңыз туралы қолхат;
- Үйді алмаған жағдайда күйіктен ішіп кетпейтініңіз туралы қолхат;
- Реал әңгіме айтатын жігіт екендігіңді айтатын үш куә жігіт.

Үй кентімізден жырма бес шақырым жердегі Қоқыссай шаруа қожалығынан беріледі. Көне болғандықтан, өздеріңің қалауыңызша азия, америка, африка не еурожөндеу жүргізіп ала жатарсыздар. Асығыңдар ептібайымайттар! Қашанғы әке-шешелеріңнің мойындарында отыра бересіңдер, нақтар кілең!

Асқан құрметсіздікпен: кентканцлер Анджела Мейірқұлова

11 comments Тамыз 18, 2008

Дәруішөлген рәміздері: кенттаңба

Кенттаңбамыз

Кенттаңбамыз

Кенттаңбамыз Мастұр батырдың тұсында бекітілген. Авторы – Семен дәруіш Самсонов. Кентіміздегі жиырма суретшінің арасынан үздік деп танылып, кенттік сыйақы берілді.
Үш бөтелке – орташа дәруішөлгендіктің мас болып қалатын арақтың мөлшерін білдіреді.
Екі жақтағы бидай масағы – мас боп қалғанда барып ұйықтайтын Дәруішөлген Орталық Элеваторының көмір сарайын білдіреді.
Оң жақта бидай масағын орап тұрған алқызыл шүберектегі жазу – кентіміздің халықаралық ресми атауы мен кентіміздің ұраны. Ұранымыз – біздер ішуге шыққанда – табылмай қалған күн болмағанын арқау етіп тұр. Сіздерде, қазақтарда – мінер аты жоқ жігітті – мігіт деп есептесе, біздерде ішуге шыққанда түк табылмағаннан артық қорлық жоқ. Ондай елден сыйы кеткендер әдетте асылып не суға кетіп өліп жатады.
Оң жақтағы алқызыл шүберектегі шанышқы мен пышақтың таңбасы – Дәруішөлгендіктің ЕШҚАШАНДА, ЕШҚАШАНДА тіскебасарсыз арақ ұсынбайтынын білдіреді. Дәруішөлгендік өзі таза арақ іше беруі мүмкін, алайда сырттан келген адамға тіске басуға ең болмаса сауысқан, қарға етін тауып беретініне күмәніңіз болмасын!
Ал сол шанышқы мен пышақ суретінен кейінгі ұран – Дәруішөлгендік араққа серік қосушылардың істеп жүргені. Өкінішке орай, олар сыра мен арақты араластырып іше береді. Алайда, олардың конституциялық құқықтары – біз үшін екінші орында, сондықтан, олардың философиясы кенттаңбамыздан осындай көрініс тапты.
Ортадағы алқызыл шүберектегі жазу – кентіміздің үштуар ұлы – Мастұр батырдың Бесінші Интернационал идеясының арқауы. Жарықтық алқаш, дүниежүзінің ішкіштері түбінде бірігеді деп арман етуші еді.
Жоғарыдағы бесжұлдыз – бес құрлық алқаштарының арман қаласымыз дегенді білдіреді.
Бөтелкелердің артындағы күн шапағы – таң ата бықсып алып жүретін жайдары, ашық халық екенімізді түсіндіреді.

4 comments Тамыз 16, 2008

“Дәр-TV”: бүгінгі программа

6:00. “Гну татыған шоколад” – сериал. Шоколад фабрикасының технологы қазанға байқамай асыранды антилопасын түсіріп алып, кәмпиттердің үлкен бір партиясынан еттің дәмі мен қылшық шығады.
6:55. “Алқаштар мекені: Арақ” – сериал. Алқаштар Лигасы бұл жолы Қапшағайдың арағын тауысуға бел буады. Астыртын ойын басталып кетті!
7:55. “Дәруішөлген – 20:30″ Кентканцлер Анджела Мейірқұлованың Дәруішөлген халқына Жолдауы. Кентіміздің кешкі сегіз жарымға дейін бітіруі тиіс шаруаларын әдеттегідей қақсап, халыққа жалбарынбақ.
8:35. “Жепсің!”. Аспаздық рецепттер. Бүгінгі бағдарламада – тағы да рожки.
9:55.”Фракталдар әлемі” – Ғылыми-азшылық фильм. Дәруішөлгендік физик тікелей эфирдегі эксперимент барысында когерентті лазер интенсивтігін есептеуге тензорлық анализді пайдаланып, статикалық интервалда Д’Аламбер теңдеуін басшылыққа алғанымен, индукция есебінде 2 Генриге жаңылып, сол қолынан айырылады.
10:40. “Қабірден шыққан әуен” – құбыжық фильм. Бұрынғы дирижер Артықбай Миллердің мүрдесі тапа-тал түсте көше кезіп, бұрынғы оркестрінің мүшелерін іздеп жүреді. Тірі адамдардың айуандығы сонша, ақыры қабірге қайта қашуға мәжбүр болады.
12:55. “Сиген тақырып”. Саянтөрт Альфаромеоның ток-шоуы.
13:40. Жаңалықтар. Жаңалық барысында кент тұрғыны Тәслима Швайнштайгер қырық екі теңге елу үш тиын кредитке бұзаудың жапасын алып, қалайша шағын бизнесті дөңгелетіп әкеткенін айтып мақтанбақ.
14:00-15:00. Түскі үзіліс. Телекомпания қызметкерлерінің түскі асқа немен қоректенетінін тамашалай аласыздар.
15:05. Түскі үзілістен кейінгі үзіліс. Телекомпания қызметкерлері әжетханаға барып, беті-қолын жуып,
қолдары бостары – диктор қыздарды қаужап, басып алады.
15:10. “Фракталдар әлемі” – Ғылыми-азшылық фильм. Дәруішөлгендік физик тікелей эфирден күндегідей қызықты эксперименттер жүргізеді. Бүгінгі тақырып: плазманың сұйықтық қасиеттері. Қолын плазмамен жуып, сабындамақ болғанда, кемеңгер физигіміз тура тікелей эфирде оң қолынан және сол көзінен айырылады.
16:05. Жаңалықтар. Жергілікті кәсіпкер Тәслима Швайнштайгердің тауық қорасынан тікелей сұхбат.
16:45.  “Дәруішөлген – 20:30″ Кентканцлер Анджела Мейірқұлованың Дәруішөлген халқына бүгіндікке соңғы үндеуі.
17:15. “Далластағы мылтық дауысы” – деректі фильм. Кеннедиді өлтірген кім? Егер сен болмасаң – неге келіп айтпайсың? Егер сен болсаң – қалайша шыдап қарап отырсың? Осының бәріне тура жауабын ал!
18:00. “Қынасыз сор” – түрік сериалы.
19:15. ”Гну татыған шоколад” – сериал. Шоколад фабрикасының технологы әлгі шоколадтарды өткізе алмай, атылып өлуге бел буды.  Бұл туралы ойын әзірге тек ғана тірі қалған гнудың ұрғашысы ғана біледі…

8 comments Тамыз 13, 2008

Бармысың, бауырым!

Дәруішөлген психиатриялық клиникасының байырғы тұрғыны Әліішер Буонопарте ат Алмати бин Ладен әл Зұлқарнайын өзінің бауыры дон Амантай раджи Гомес Фульхенсиоға іздеу салады. Соңғы рет адмирал Нельсонмен болған шайқаста көз жазып қалғанын айтып қан жылайды. 
Негізгі белгілері: Адам. Әйтеуір соңғы рет көргенде – сүтқоректі болған. Әліішер Буонопарте оның қазірде бауырымен жорғалаушылар не қосмекенділер отрядына өтіп кетуі де мүмкін деп топшылайды. Қазақ тілін жақсы түсінеді, тіпті “рахмет!” деп те айта алатын көрінеді. Егер биік жерде отырғанын көріп қалсаңыз,  оны әдеттегідей ағашпен ұрып түсірмей, жәй түсуін өтінсеңіз де тыңдауы мүмкін дейді.
Жарандар! Тайлы-тұяғымызбен қалмай, ат салысайық бауырлардың қауышуына!

4 comments Тамыз 9, 2008

Сатыбалдының Солай.Де-дегі мәдениет күндері

Менің Солай.Де сайтындағы мәдениет күндерім басталғанын көтіме дейін қуана хабарлаймын. Мәдениет күндері барысында бұрын наққа жіберілген, өздеріне, сөздеріне және тақырыптарына менің тарапымнан неше түрлі балағат айдарлар тағылған адамдардан және Камиладан кешірім сұралып, ас беріледі. Келем деушілерге сілтеме ашық: http://www.solai.de/index.php?name=Forums&op=showtopic&cat=20&pagenum=3&id=846#41

7 comments Тамыз 2, 2008

Previous Posts


Соңғы камментер, әжесстің.

Дос сайттар

Қас сайттар

Нақтың тақырыптарым, папасстың!

1 Арақ пен қу өмір Батиқа Хулимырзаева Дәруішөлген автономиясы Жұлдыз жорамал Нақу ақын Пәлсапалық трактаттар Хард-әдебиет Шешесс... Ық-ық Әлем хуйлықтарының хертегілері

Бәтиқашым менің!

Бұтақбас