Posts filed under 'Батиқа Хулимырзаева'
Құрыған адам
«Жаманның жамандығын айт – уішівөлсін!» Мастұр батыр.
Ол адам – Шарль Мұртаза. Бөтелкеден жүн қырыққан сараң. Жігіттер ауырып тұр-ау, сауап болсын-ау деген сезімдер онда – жоқ. Қашан көрсең де – бума-бума ақшамен жүреді. Бір жартыға лақтырып кеткенше – құдыққа түсіп өлгенім жақсы дейді. Семен дәруіш ізінен қалмай, екі көше бойы аңдып жүргенде беретін садақасы – мың-ақ теңге.
Сараңдықтан басқа жаман қасиеті – адамды төмендетуге бағытталған әрекеттері. Менің пассиям – Бәтиқашымды машинасына мпінгізіп алып, мен тырдай жалаңаш суға түсіп жатқан жерге әдейі әкеледі. Сосын «ой, бұл жерде Сатыбалды жүр ғой» деп, өтірік кетіп қалады. Сондағы мақсаты – мені масқара қылу. Дәл «Менің атым – Қожадағы» Жантас сияқты. Мені Жанардың, то есть Бәтиқамның алдында масқара қылып, өзі басымдыққа ие болмақ.
Осындай құрыған бір адам боп тұр.Қазір оның көзін жою туралы жоба қарастырып жатырмыз. Әзірге либерал-демократтар мен анархисттер блогы – қарсы. Бірақ кентканцлеріміз алқаштардың мүддесін жерде қалдырмайты ғой деген үміттеміз. «Үмітсіз – сай ан» демеуші ме еді Мастұр батыр…
4 comments Қыркүйек 9, 2008
Ұйымдасқан қылмыстық … блог…
“…біздің армандарымызды орындауға көбінесе физика заңдары мен ҚР Қылмыстық Кодексі кедергі болады…” Русланннның ақыр заманға бір апта қалғанда сөйлеген сөзінен.
Қыздар-жігіттер, бір өтініш бар еді, нақтың… Қалай айтарымды білмей отырмын… Ұялып та отырмын бір жағынан… Ептібайымайт болып қалам өстіп мен кейде…
Былай ғой, жігіттер, әсіресе – қыздар! Сіздер ана Бәтиқа Леопольдқызына арнаған бетке «қызыңыз әдемі екен, сұлу қыз екен, екеуіңіздің бақытты болатындарыңызға күмәніміз жоқ» деген сияқты комплименттерді толытырып жазып кетпес пе екенсіздер, а? Сосын мен сол сілтемені Батиқаға көрсете қояйын, шелек болып қалсын нақ, а?
Әйтпесе басқа амалым таусылды, ептібайымайтың! Шарль Мұртаза деген бақталасым екеуі күнде әмпей-жәмпейі көбейіп бара жатыр! Басқа не істейін мен, не істейін?!![]()
5 comments Шілде 30, 2008