Секс эликсирі

Тамыз 18, 2009

- Маған ең уытты эликсиріңнен беріңіз, мастер! – деді жігіт.
- Неге ең уыттысын? – деді алхимик.
- Көздеп отырған қатыным – Кәсіпкер Әйелдер Ассоциациясының төрайымы еді – деді жігіт.
- Онда «Көк-ала» тұнбасын рекомендеймін – деді алхимик, – алайда абай бол: тек өздерің жеке қалғанда, иненің ұшындай ғана ауаға шашып жіберуің керек. Мына бес миллиграмм – сенің бүкіл өміріңе жетуі керек.
Солай деді де, алхимик жігітке ыңғайсыз смайылшымен жымиып, Ай сәулесінің жарығына еріп, ғайып болды.
Ынтық жігіт алабұртып, кездесуге асығып, бар пәрменімен жүгірді. Супермаркет жанынан кілт тоқтап, шарап пен гүл алып шықпақшы болды. Гүлді апыл-ғұпыл ала салып, төменгі сөредегі әдемі шараптардың біріне еңкейе бергені сол еді – эликсир құйылған сатқын шыны тас еденге сарт етіп, сынды да қалды!
Қызық сонда басталды! Алдымен кассирлер атып тұрып, күзетші жігіттерге жабысып, аймалауға көшті. Буш аяқтары ет павильонынан секіріп түсіп, пельменьелерді зорлай бастады. Самсалар чебурекилерді, учпочмактар мантыларды жығып жатты. Дүкенде азан-қазан тіршілік басталды. Кастрюльдер шелектерді, кілттер құлыптарды, Кэндер Барбилерді, онбестік трубалар отызекілік трубаларды, бухгалтерлер касса аппараттарын, менеджерлер алақандарын, барлығы – барлығын зорлауға көшті.
Жігіт далаға қашып шықты. Есі шыққан ол, о, Шива не жаздым деп, өкіріп жылады. Бірақ, дала да бір түрлі боп кетіпті! Әншейінде жайылып өсетін кәдімгі қарағаштар, қарағайларша қақшиып тұрып кетіпті! Бұтақтар әлденеге асыққандай, көкке ұмтылған. Жігіт қорқынышпен аспанға қарап еді… Жер – Айға жақындап келеді! Жақындасатын нүктесі – дәл жігіт тұрған тұсқа келіп тұрған Жер, Аймен ынтыға қауышып, жігітті қарағаштармен қоса сүңгітіп жіберді…

Entry Filed under: 1. Ілмектер: , , , , , .

6 Comments Add your own

  • 1. naqirus  |  Тамыз 18, 2009 at 5:58 тд

    …нақ, әкесс! :) )))))))))))))))))))))))))

    Жауап
  • 2. 777  |  Тамыз 18, 2009 at 6:40 тд

    Содан бері “көк ала” тұнбасының әсерінен бүкіл дүние алхимикке рахметін айтып, ақ тер көк тер болып, астаң-кестеңі шығып көк ала секспен айналысқан екен де, нақ.

    Жауап
  • 3. Serzha  |  Тамыз 18, 2009 at 4:28 тк

    көкке ұмытылған бұтық дисің ғо

    Жауап
  • 4. Gastarbaiter  |  Тамыз 18, 2009 at 5:21 тк

    Жетпіс жеті атаңңңңңңң…))))))))))))))))))))))))))

    Жауап
  • 5. Оқырман  |  Тамыз 19, 2009 at 1:19 тд

    “Парфюмер” фильмінен кейінгі әсер сыңайлы

    Жауап
  • 6. Респект_кажы  |  Тамыз 25, 2009 at 5:40 тд

    Секс дей ме шешесс. Акел бери

    Жауап

Leave a Comment

Required

Required, hidden

Some HTML allowed:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <pre> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

Trackback this post  |  Subscribe to the comments via RSS Feed


Соңғы камментер, әжесстің.

Дос сайттар

Қас сайттар

Нақтың тақырыптарым, папасстың!

1 Арақ пен қу өмір Батиқа Хулимырзаева Дәруішөлген автономиясы Жұлдыз жорамал Нақу ақын Пәлсапалық трактаттар Хард-әдебиет Шешесс... Ық-ық Әлем хуйлықтарының хертегілері

Бәтиқашым менің!

Бұтақбас