Шопанбауыр пәлсапасы
Қазан 26, 2008
Симона бірде ең либерал гигапорталымыз – Солай.Денің форумында ма, чатында ма, “Кантты оқыдың ба?” деп сұрады. Сосын құрысын, қазақтар үшін бұл маңызды шығар деп, әрі Симонаға аса надан адам ретінде көрінгім келмей, кітабын алдым. Кант Иммануилді бастамай жатып-ақ, одан да “Эммануил” деген көк ала секс фильмді көргенім – мың есе артық екенін түсіндім. Себебі, өте ауыр жазылған. Қуған еңбек екен, нақтың! Гитлер Канттың кітаптарын өртеткен дейд, дұрыс та істеген шығар, әнасстың рейхсфюрері!
Назарларыңызға Дәруішөлгендіктердің пәлсапасы – Шопанбауыр ғұламаның пәлсапасын ұсынамын. Дәруішөлгендіктердің бірнеше ұрпағы осы пәлсапамен өмір сүріп, ешкімнен кем болғанын естіген жоқпын, атасстар!
Сонымен Шопанбауыр үшін адамдар екіге бөлінеді: байитын ептілер мен байымайтын ептілер. Байитын ептілер өмір бойы – байи бермек те, байымайтын ептілердің маңдайына өмір бойы мүшеқапты да қайыр тілеп табу азабы жазылған. Ең соңында екеуі де өле қалады. Өлгеннен соң олардың жаны не аспанға, не Аид патшалығына, не тағы да басқа бұтағымды жеген жерге бармайды, себебі оларда жан – жоқ. Өле қалады, сонымен бітеді. Артынан қалған ұрпақтары олардың жарқын бейнесін мәңгі тұрмақ, жиырма минут та есте сақтамайды, апарып, кез-келген оңтайлы әдіспен көміп тастап, тіршілігін жалғастыра береді. Сонымен бітті. Болды. Пәлсапамыздың сапасының Кант, Ниццше не басқа кещеден кем боп тұрған ештеңесін көріп тұрған жоқпын, шөбересстің!
Entry Filed under: Арақ пен қу өмір, Дәруішөлген автономиясы. Ілмектер: Карлос Хуйстянеда, Хуйдрих Шицше, Шопанбауыр.
4 Comments Add your own
Leave a Comment
Some HTML allowed:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <pre> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>
Trackback this post | Subscribe to the comments via RSS Feed
1. Рудненское пиво | Қазан 26, 2008 at 1:13 тк
Кантты мен де оқыдым, түсінбедім. Жақында Русланннның блогындағы Қуған профессор атты мақаланы оқыдым содан кейін барып қана Кантты түсіндім. Сенің жазғандарыңа толық қосыламын. Бізде қазақтарда бір сөз бар Епті байымайды бақты байиды деген, Шопенбауырдың айтқаны да осыған ұқсас бірдеме шығар деген ойдамын.
2. ruslannnn | Қазан 26, 2008 at 11:13 тк
Сатекеңнің осы постын “қуып” жазсақ, Канттыкінен кем болмайтын бір үлкеееен еңбек пайда бола ма деп ойлаймын.
Ал былай, Шопанбауырдың пәлсапасы керемет, толықтай келісемін.
3. Symbat | Қазан 26, 2008 at 11:48 тк
4. Symbat | Қазан 26, 2008 at 11:50 тк
Айтпакшы мен солайдагы чатка омiрi кiрiп кормеппiн.