Бір жарым апта – Аццсотонодамын!

Қазан 19, 2008

Осы қалаға бару арқылы өз денем мен спорттық сөмкемді балағаттағаным үшін өмір бойы опық жеп кететін шығармын.  Ал бұл жақтың суына жуылу бақытсыздығына ие болған дамбалым бұ дүниеде сірә кешірмес. Асфальтымен жүру қасіретіне душар болған туфлиімді де ертең вокзалға жеткенше кегін алмай қоймайды деп қорқамын.

-
Іссапарға кет деді Аццсотоноға,
Мұрты майлы көпті көрген біздің бастық.
Противогаз, респираторсыз бара қалсам,
Өліп қалмаймын ба қалада углепластик?
-
Лицензия керек маған – көт қарауға,
Сұрап отыр оған да – бес мың пара.
Қызыл қағаз емес әрине, жасылынан:
Аццсотононың парақорлары – вегетариан.
-
“Біздің үй – Ічімнің жағасында!” -
Деп мақтанад бір мәңгүрт мал әкесс.
Мына жер – “ічің” болса, айтшы онда:
Анау шошайған темір –
қай жерің, а, енесс?…
-
Іздеп жүр бір танысым барбитурат,
“Таптырмайтын болды бұл денатурат!”
Аццсотоноға жүрсеңші деп кеңес бердім,
Фторопласт шаҺардан табылып қалад…
-
Әлі де бермейді екен баспанасын,
Қазақтың су жаңа аццсотоносы.
Бермесең-бермей-ақ қой дегім келді,
Керек емес ренийдің оротаты…
-
Дейді екен жұрт мына үйді: “Трэнспырт тоуэр”,
“Шырпың бар ма,”-деп сұрап едім, – “ей, бауыр?”.
“Құрынақ!” деп қуып жіберді күзетшісі,
Неғылған сараңдар болмас қайыр…

-
0,33 “Миллерді” ішіп алып,
“Көп болса – 200 теңге шығар” деп ойлағам.
Сөйтсем, қонақ үйдің даяшысы,
“Екі жарым мың!” деп қарап тұр! Мал, әнаңң!!!
-
Жақпады ауасы да, тамағы да.
Бір түрлі ащы екен арағы да.
Балық аулап ермек етпек болып едім:
Олигрофен сияқты екен шабағы да.
-
Алюкобонд қонақ үйден бас айналып,
Фторит шелекке өкіртіп құсқам.
Шелектен де уланып қалдым, нақтың!
Ацссотонолық жарандар, енді қайда құсам?
-
Бір-түрлі нашар сезініп,
Жергілікті емханаға қаралғам.
Дозимтер екі жүз микрорентген
Сәулелену көрсетіп тұр, мал әнаңң!
-
Тышсаң ақша екен бұл жерде, құссаң ақша.
Мақсат та жоқ бұл елде одан басқа.
Сонша ақшаны не істейсіңдер, ептібайымайттар?
Тозақта пара алады деп жүрген қай қасқа?
-
Ақ көйлегің кешкісін болса тряпкі,
Жезөкшенің қыздай болса құны япты.
Өмір сүріп не керек, қоғам болып?
Қашамын ертең бұл қаладан, құрысын нақтың!
-
Бізге мүсін не керек, я жалған!
Ондай өнер болмағасын жаралғаннан:
Ана бидің бет-әлпеті ашулы ғой,
Ал мынауың тіпті сияқты – қатып алған…
-
Қай жерге барсам да – жасандылық:
Жымысқы күлкі, өтірік имандылық.
Байыппен сөйлесіп мен тұрсам да:
Кетіп барам ішімнен саған күліп.
-
Бір сөзбен сипат бер десе бұл қалаңа,
Тосылып қалмас едім мен пақыр!
Айтар едім: “Made in China”,
Немесе – “Assembled by – gastarbeiter”…

-
Риммен сен салыстырма Аццсотононы!
Салыстырма сен оны Мадридпенен!
Анау-мынау пластиктерін алып тастасаң:
Айнымаған  дәл біздің – Дәруішөлген!!!
-
Ия жалған, Күн кеткен бе тіпті батып?
Жүруші еді уақтылы батып-атып.
Әлде мында уақыт өтпей тұрып қалды ма?
Солай шығар. Азап қала тұр-ау шатып!
-
Қымбатшылық деген бұл жердің қалжыңдары,
Шағады екен қарамай жұрттың бәрін.
Тек кейбір шыдағандар қалад-дағы,
Қалғандары шала тірі әрі-сәрі.
-
Қайда кеткен төлеген салықтарым?
Мына ментке кигізген күпәйке ме?
О, әжесс, үсіп кеткен саусақтары!
Заңды қалай қорғамақ мына неме?
-
Он мың теңге тартып алды әкімдер,
Аццсотонода бірдеме саламыз деп.
Көрсетті оны маған әлдекімдер:
Астына жазып қойыпты бірдеме жеп.
-
Қайдасың Қостанайдың шекарасы!
Жеткізсеңші ең болмаса кәрі Тобыл!
Тағы екі күн қалсам мына жақта:
Далаға түне, не – уішівөл!
-
Супермаркет бұл жақта – гипермаркет,
Ал шалшық суды дейді әрине – лагуна.
Сіздерше анықтама берер болсақ:
Дәруішкөл – Үнді мұхит болғаны ма?

-
Келіп отыр мен тіптен жаяу қашқым,
Отельсымақтың көрсеткен шоттарынан.
Жатады екен мұнда ылғи жайсаң-жақсың,
Ал мен тек кездейсоқ болғанмын да.
-
Күркілдеп балдырған жөтеледі,
Ал министр сөйлеп жатыр тіпті ыстықтап!
Бүлдіршінге аяған жылуыңа,
У қайнат та – қағып сал, дегенерат!
-
Анау үйін ала алмаған, мынау үйін.
Өткізіп қойса-дағы аз-мұз тиын.
Аңғал қазақ – арам фирма қатынасы,
Сияқты екен Ильфтің Васюкиі.
-
Жоқ, жоқ,  жоқ, жоқ, жоқ, жоқ, және де жоқ!
Ауыздан кіріп, көттен шықса да оқ.!
Қалаңда химзавод қала алмаймын:
Сырты жылтыр, мазмұны – шылқыған боқ!
-
“Кейбір жолдар Аццсотоноға апарады”. Көне Рим мәтелі.
-
“Дүниеде екі құдайға қажеті жоқ нәрсе бар: бірі – Ұлы Қытай қорғаны, екіншісі – Аццсотоно”. Жапон мақалы.
-
“Қисық қаланың тұрғындары да тоғыршар келеді”.  Әл Фараби.
-
“Депутаттармен бір қалада тұру қасіреті маңдайға жазылған қала бұл”. Плиний.
-
“Бұл жерден үй алғанша, неге ғана…”. Қасым Аманжолов.
-
“Аццсотонодан орын ұсынып балағаттап тұрсаңыз, онда – өзіңнің шешеңді, ал керек болса!”.  Марк Тулий.
-
“Ең сорақысы – бұл қала “ең сорлы қала” номинациясынан да орын ала алмас еді”. Черчилль.
-
“Мына қаланың жобасын Гумилевта дәрі жүргізетін жігіт сызған ба?”. Авторитет Мәке aka “Бұқа”
-
“Басеке, Аццстоноға бар дегенше, бірден бетке айтпайсыз ба, не жаздым Сізге?”. Мен.
-
“Осы қаланың үстімен өткен вагондар бақытсыздық әкеледі”. Путеец Қапи Аннан.
-
Әйгілі Микеланджелодан:
- Мәке, сен Аццсотоно сияқты әншейін қаланы қалай жасар едің?- деп сұраса, ғұлама тосылмастан:
- Ольденбург сияқты қаланы аламын да, жақсы жерлерін қашап тастаймын – деген екен.
-
Конан Дойль Аццсотонада Парламент Үйінің алдынан өтіп бара жатып, бір депутатқа “атымды ұстай тұрыңызшы, мен туалетке барып келейін” депті. Депутат сонда:
-    Не айтып тұрсыз, мен  – Қазақстан Республикасының Парламенті Депутатымын!!!- деп ашуланыпты. Сонда Дойль жарықтық:
-    Мен бұрын атымды қорықпастан, сен түгіл – спикерге де сеніп тапсырып жүргенмін. Сіз ұрлай қоймассыз оның қасында – деп, атын ұстата салыпты.

-
Менделеев үшінші топқа жататын химиялық элементтерді Аццсотонода өңінде көрген көрінеді.
-
Император Павел ең құрыған, азапты түрмені қай жерге салуға болатынын сұрағанда, әйгілі Радищев бірден:
-    Аццсотоно!!! – деген екен.
-

Entry Filed under: Арақ пен қу өмір. .

27 Comments Add your own

  • 1. ruslannnn  |  Қазан 19, 2008 at 10:48 тд

    :D :D :D
    Астанаға барып химиямен етене араласып жатыр екенсің ғой ))))))
    Фуф ойбай-ай, бүгіндікке тағы екі езу жиылмайтын болды :) )

    Жауап
  • 2. minister  |  Қазан 20, 2008 at 6:30 тд

    Құрылысқа кеткен халықтың ақшасының шығындалуына қарсымын . Бірақ астананың ауыстырылуын қолдаймын , тринитротолуол қала болып кетсе де .

    Жауап
  • 3. кендебай  |  Қазан 20, 2008 at 7:03 тд

    бәсе, неге көрінбей кетті десем, Астанаға келіп-кеткен екен ғой…

    Жауап
  • 4. Нұрсұлтан  |  Қазан 20, 2008 at 8:05 тк

    Братишка мына өлеңіңде астанамыз Астана туралы астыртын кекесін бар сияқты әлде маңан солай көрініп тұр ма?

    Жауап
  • 5. satibaldi  |  Қазан 20, 2008 at 8:26 тк

    Превед, Нурик! Медвед сиякты шамалы оз бетинше Инет карап койсайш, албанша жагын. Ал былай, кекесін бе, жок па, каптаган аналитик пен институттар устап отырган жоксын ба, солар айтсын нак, мазамды алма!

    Жауап
  • 6. Aikona  |  Қазан 21, 2008 at 7:14 тд

    Қап-ай Айна біле ме екен? Сенің астанаға барғаныңды? Қап, білмесе шашың кетті дей бер…
    Пы Сы: причем тут албандар???

    Жауап
  • 7. AINA  |  Қазан 21, 2008 at 7:34 тд

    Айкона біліп отырмыз ғой. Сатекең Бәтиқа Леопольдқызы оны бір зорлағаннан кейін қыздардың бәрі сондай екен деп кездесуге баруға қорқатын көрінеді

    Жауап
  • 8. Иманғали  |  Қазан 21, 2008 at 9:12 тд

    Баурым сен реально кекетіп жазған сияқтысың, Гуглдан қарадық ондай қала жоқ. Сен астанамыз Астана туралы жазып отырсың.

    Жауап
  • 9. satibaldi  |  Қазан 21, 2008 at 9:52 тд

    ТАС деген де адам жоқ Гугльде, сонда да мал әнасс оппиктерді сотқа беріп, қырылып жүрген жоқсың ба, әкімшілікссс!

    Жауап
  • 10. Айко  |  Қазан 21, 2008 at 10:13 тд

    Иманғали :) ))
    сатыпалды :) )))))))

    Жауап
  • 11. Рахат  |  Қазан 21, 2008 at 1:11 тк

    Красавчик! красиво написано.

    Жауап
  • 12. А.Мамин  |  Қазан 21, 2008 at 1:25 тк

    НАН мені басқа қызметке тағайындауы үшін барымды салдым.

    Жауап
  • 13. satibaldi  |  Қазан 21, 2008 at 1:27 тк

    Роха, АйПиің арқылы Нурик тауып алады ғой, байқасайш, чекистссс!

    Жауап
  • 14. satibaldi  |  Қазан 21, 2008 at 1:29 тк

    Асеке, сен де Аццстонодан шаршап ба едің? Түсінем, бырат, түсінем!

    Жауап
  • 15. Карим  |  Қазан 21, 2008 at 2:30 тк

    Уят емес пе уят, уят! Казахша созди мазак килип отирсиздар. Мен жиладим

    Жауап
  • 16. Елеусін  |  Қазан 21, 2008 at 2:32 тк

    Ақтөбе сөзін олбанша жазып бергендерге госпрограммамен двухкомнатный квартира беремін Кирпичный жақтан. Просто жазылмайды да просто :)

    Жауап
  • 17. bazaraigul  |  Қазан 21, 2008 at 6:27 тк

    агатай кулкиден олдим.
    пысы: Аццсотоно жакка иссапарга кетип бара жатканда айта салмайсыз ба жолдан карсылап противогаз кигизип жиберер едим.

    Жауап
  • 18. satibaldi  |  Қазан 21, 2008 at 6:34 тк

    Бақытсыздығым өзіммен бірге кетсін деп едім…

    Жауап
  • 19. Қасымжомарт  |  Қазан 22, 2008 at 5:58 тд

    Эльбасымыздын аркасында осындай жетистиктерге жеткенимизди биз мактан тутамыз!

    Жауап
  • 20. satibaldi  |  Қазан 22, 2008 at 6:06 тд

    Кася, әкең тым жақсы қазақ жазушысы еді ғой, мля, қазақшаң ана лағманшы Мәсімдікінен де пздц боп қапты ғой, нақ!

    Жауап
  • 21. Аслан  |  Қазан 22, 2008 at 8:53 тд

    Охохо мында біздікілердің бәрі жүр ғой. Киса, қарызыңды қашан қайтарасың алдында шефтың денюхасына мен сен үшін де скидываться еттім ғой.

    Жауап
  • 22. satibaldi  |  Қазан 22, 2008 at 9:01 тд

    Асеке, сени сылайм, бірақ тиын-тебен шаруасын шешетін бул жер емес қой. Кедеймашев деген гопниктерің бар еді ғой, соларға айтсайш Касяны.

    Жауап
  • 23. akzere  |  Қазан 22, 2008 at 10:02 тд

    Ай өлтіресіңдер сендер де күлкіден… Ужас… Ужас!! :-D

    Жауап
  • 24. Қасымжомарт  |  Қазан 22, 2008 at 1:43 тк

    Маган астарламай прямо сказать етиндер. Айтпесье мьен укпаймын!

    Жауап
  • 25. satibaldi  |  Қазан 22, 2008 at 3:38 тк

    Кася, типі сен вечерге акша коспагансын ба нах, сондай бірдеме. Братва волнуется, недовольные есть очм.

    Жауап
  • 26. маке  |  Қазан 23, 2008 at 2:29 тд

    сатыбалдының аццсотонасы -
    «электронды үкіметтің» бастамасы
    алыстан тербеп,
    құлақтан созбаққа
    әркімнің де бар таласы

    Жауап
  • 27. KonilAshar  |  Қазан 24, 2008 at 9:47 тд

    қосыламын
    әрине жылайсың ба күлесің ба деген нәрсе ғой бірақ күші жазылған
    рифма табасың ау:)

    Жауап

Leave a Comment

Required

Required, hidden

Some HTML allowed:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <pre> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

Trackback this post  |  Subscribe to the comments via RSS Feed


Соңғы камментер, әжесстің.

Дос сайттар

Қас сайттар

Нақтың тақырыптарым, папасстың!

1 Арақ пен қу өмір Батиқа Хулимырзаева Дәруішөлген автономиясы Жұлдыз жорамал Нақу ақын Пәлсапалық трактаттар Хард-әдебиет Шешесс... Ық-ық Әлем хуйлықтарының хертегілері

Бәтиқашым менің!

Бұтақбас