Аспан мүшелерінің зары
Қыркүйек 4, 2008
Таң ата сала, алты миллиардқа жуық адам ішіп-жемнің қамымен құрлықта, теңізде, орманда көздеріңді уқалап-уқалап, көшеге шыға жөнелетіндеріңе жол болсын, нақтар кілең! Сондағы эгоисттік ойларың: «мен – ерекшемін, дәл осы маған бүгін бір қызық бұйырады!» деген қырту ой! Алты миллиард адамның бәрін бір күнде қазы-қартамен қарық қылуға Жаратқанның әзірге жаратып қойған жылқыларының саны жетпейтінін ескеріп, түні бойы әруақ-рухтармен, тағы да басқа арғы-бергі дүниенің албастыларынан алған мәліметтерімді жариялай бастаймын нақтар кілең! Сендер үшін осының барлығы, немересс! Ой, нақтар кілең!
Аспан мүшелері тағыда мүшесін көрсетіп тұр. Толған Ай Жерді өзіне еліктіріп алып кетіп бара жатқандай, тіпті – өзімнің де кетәрі емес екенімді жасырмаймын. Жерді Айдан қызғанған Нептун өз осінде айналуды, яғни біздерше – жындануды – үш есеге арттырғанын ескерсек, бүгін кейбіріміздің маңдайымызға көктігіліп тұрғаны анық. Гравитация сендерге медитация емес: магниттік бораннан миларың шайқалып, жүректерің лоқсымақ. Жақсы түк жоқ сонымен. Жүрегің дауаламайтындарың – оқымай-ақ қойыңдар, ептібайымайттың жорамалын!
Тоқты. Таң атқанда екі көзіңіздің де жұмыс істеп тұруы ғажап емес.
Торпақ. Кемінде екі 1993 жылғы Мазда көресіз.
Егіздер. Кемінде төрт 1989 жылғы жігітті көресіз, олар Сізді – көрмейді.
Шаян. Шалбар кисеңіз, белбеу тағуыңыз – ғажап емес.
Арыстан. Қ әрпі бар кемінде үш сөз естисіз.
Бикеш. Күні бойы Ъ әрпі бар бірде-бір сөз естімеуіңіз мүмкін.
Сарышаян. Бүгін хуту халқының өлеңін естімесеңіз – таң қалмаңыз.
Мерген. Ішіңізден бастығыңызды шындап боқтайсыз.
Тауешкі. Сыртыңыздан құрбыңызды өтірік мақтамақшысыз.
Суқұйғыш. Cу ішесіз.
Балықтар. Бірдеңе жейсіз.
Арнайы Сіздер үшін аспан денелерімен астралды зинақорлық жасаған – Сатыбалды Кербабаев. Назар салып оқығандарыңыз үшін айтатын рахметіме бәрібір нан сатып алып та жей алмайсыздар, сондықтан сау болыңдар, нақтар кілең!
Entry Filed under: Жұлдыз жорамал. Ілмектер: жеген жұлдыздар, іш өткен астероидтар.
5 Comments Add your own
Leave a Comment
Some HTML allowed:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <pre> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>
Trackback this post | Subscribe to the comments via RSS Feed
1. Айна | Қыркүйек 4, 2008 at 12:04 тк
хуту халқының өлеңін естігім келіп еді, қашан ести алады екем, соны мүшелерін көрсетіп тұрғандардан сұрап көрші
2. Symbat | Қыркүйек 4, 2008 at 11:57 тк
Оз басым тiптен ненi окымаушы едiм, жулдызнаманы айтам, бiрак Сатекен назар салып оқығандарыңыз үшін деген созiн оки сала назар салып.. Таразы жок кой я!
3. akzere | Қыркүйек 5, 2008 at 9:37 тд
“Аспан мүшелері тағыда мүшесін көрсетіп тұр”

Ішім-ай, ішім…
4. Аршат деген | Қыркүйек 7, 2008 at 7:25 тк
Таразы осымен үшінші рет жоқ, халық қобалжуда.
5. Блог о недвижимости » Blog Archive » yes | Қыркүйек 8, 2008 at 5:29 тк
[...] http://satibaldi.wordpress.com/2008/09/04/%d0%b0%d1%81%d0%bf%d0%b0%d0%bd-%d0%bc%d2%af%d1%88%d0%b5%d0... [...]