“Дәр-TV”: бүгінгі программа
Тамыз 13, 2008
6:00. “Гну татыған шоколад” – сериал. Шоколад фабрикасының технологы қазанға байқамай асыранды антилопасын түсіріп алып, кәмпиттердің үлкен бір партиясынан еттің дәмі мен қылшық шығады.
6:55. “Алқаштар мекені: Арақ” – сериал. Алқаштар Лигасы бұл жолы Қапшағайдың арағын тауысуға бел буады. Астыртын ойын басталып кетті!
7:55. “Дәруішөлген – 20:30″ Кентканцлер Анджела Мейірқұлованың Дәруішөлген халқына Жолдауы. Кентіміздің кешкі сегіз жарымға дейін бітіруі тиіс шаруаларын әдеттегідей қақсап, халыққа жалбарынбақ.
8:35. “Жепсің!”. Аспаздық рецепттер. Бүгінгі бағдарламада – тағы да рожки.
9:55.”Фракталдар әлемі” – Ғылыми-азшылық фильм. Дәруішөлгендік физик тікелей эфирдегі эксперимент барысында когерентті лазер интенсивтігін есептеуге тензорлық анализді пайдаланып, статикалық интервалда Д’Аламбер теңдеуін басшылыққа алғанымен, индукция есебінде 2 Генриге жаңылып, сол қолынан айырылады.
10:40. “Қабірден шыққан әуен” – құбыжық фильм. Бұрынғы дирижер Артықбай Миллердің мүрдесі тапа-тал түсте көше кезіп, бұрынғы оркестрінің мүшелерін іздеп жүреді. Тірі адамдардың айуандығы сонша, ақыры қабірге қайта қашуға мәжбүр болады.
12:55. “Сиген тақырып”. Саянтөрт Альфаромеоның ток-шоуы.
13:40. Жаңалықтар. Жаңалық барысында кент тұрғыны Тәслима Швайнштайгер қырық екі теңге елу үш тиын кредитке бұзаудың жапасын алып, қалайша шағын бизнесті дөңгелетіп әкеткенін айтып мақтанбақ.
14:00-15:00. Түскі үзіліс. Телекомпания қызметкерлерінің түскі асқа немен қоректенетінін тамашалай аласыздар.
15:05. Түскі үзілістен кейінгі үзіліс. Телекомпания қызметкерлері әжетханаға барып, беті-қолын жуып,
қолдары бостары – диктор қыздарды қаужап, басып алады.
15:10. “Фракталдар әлемі” – Ғылыми-азшылық фильм. Дәруішөлгендік физик тікелей эфирден күндегідей қызықты эксперименттер жүргізеді. Бүгінгі тақырып: плазманың сұйықтық қасиеттері. Қолын плазмамен жуып, сабындамақ болғанда, кемеңгер физигіміз тура тікелей эфирде оң қолынан және сол көзінен айырылады.
16:05. Жаңалықтар. Жергілікті кәсіпкер Тәслима Швайнштайгердің тауық қорасынан тікелей сұхбат.
16:45. “Дәруішөлген – 20:30″ Кентканцлер Анджела Мейірқұлованың Дәруішөлген халқына бүгіндікке соңғы үндеуі.
17:15. “Далластағы мылтық дауысы” – деректі фильм. Кеннедиді өлтірген кім? Егер сен болмасаң – неге келіп айтпайсың? Егер сен болсаң – қалайша шыдап қарап отырсың? Осының бәріне тура жауабын ал!
18:00. “Қынасыз сор” – түрік сериалы.
19:15. ”Гну татыған шоколад” – сериал. Шоколад фабрикасының технологы әлгі шоколадтарды өткізе алмай, атылып өлуге бел буды. Бұл туралы ойын әзірге тек ғана тірі қалған гнудың ұрғашысы ғана біледі…
Entry Filed under: Дәруішөлген автономиясы. Ілмектер: "Дәр-TV": бүгінгі программа.
8 Comments Add your own
Leave a Comment
Some HTML allowed:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <pre> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>
Trackback this post | Subscribe to the comments via RSS Feed
1. ruslannnn | Тамыз 13, 2008 at 8:32 тк
Өртейсің!!!
2. маке | Тамыз 13, 2008 at 11:40 тк
ішегімнің біраз бөлігі түйілген күйінше қалды
арнаны көрсем мүлде бірнеше пүктетілетін шығарым
3. mergen | Тамыз 14, 2008 at 4:32 тд
4. akzere | Тамыз 14, 2008 at 6:41 тд
Ой ужасс… ішім-ішім…
5. Symbat | Тамыз 14, 2008 at 8:56 тд
6. Symbat | Тамыз 14, 2008 at 9:08 тд
7. KonilAshar | Тамыз 14, 2008 at 10:39 тд
“Қабірден шыққан әуен” – құбыжық фильм. Бұрынғы дирижер Артықбай Миллердің мүрдесі тапа-тал түсте көше кезіп, бұрынғы оркестрінің мүшелерін іздеп жүреді. Тірі адамдардың айуандығы сонша, ақыры қабірге қайта қашуға мәжбүр болады.” мынауың енді:)) күлейін десем күле алмай жарылайын деп отырым ғой тегі:)))
8. Bayan | Шілде 7, 2009 at 9:06 тд