Жұлдыздар бүгін не деп жеп тұр?

Шілде 29, 2008

Күн шығыстан арайлап шығып, терезеден күле қарағанға, өздеріңше өмірден аласыларың бардай атып тұрғаныңа жол болсын, нақ әкесс? Ендеше Сіздер үшін түнімен астрономиялық есептер жүргізген Сатыбалдының  қу тірліктеріңе бүгін Тәңірім не бергені жөніндегі еңбегін қарай қойыңдар нақ.
Негізі жұлдыздар – жеп тұр. Меркурий – Сатурнның үстіне әбден бекініп алыпты, жақында планеташық туып қалуы мүмкін. Ал ызалы кұштердің пірі – Марстың да қылығы көңіл көншітпей тұр. НАСА суретке түсіре-түсіре әбден жынына тиіп біткен, әжесстің! Кешегі бола жаздаған Ай мен Жердің жыныстық қатынасын өкінішке қарай бүгін бақылай алмайсыңдар, нақтың: Ай 34 градусқа параллакс жасап, Жерге бермей кетіп қалды. Тегін порнуха көреміз деп дәмеленіп жақындаған планеталар өз орбиталарына қайтып кетіпті, ептібайымайттар. Осы жағдай төл планетамызды – кросавчег деп жүргендердің сөздерін де наққа жібергенге сияқты.
Бұл апта көбіңізге бейнет әкелетінге ұқсайды. Астралды күштермен сыбырласқанымда, олар бұл бейнеттерің ұзаққа созылатынға ұқсайды деп жатыр. Тасаттық, жеті нан сияқты пара беріп көріп едім, қойнақ деп жатыр. Бірақ әлі де марқұм шенеуніктердің әруақтарымен келіссөз жүргізілуде, тірі кезінде пара алған. Алатын түрі де бар сияқты. Осының барлығы сендер үшін, нақтар кілең!
Тоқты. Жолдан бес-он теңге тауып алуыңыз мүмкін. Екі тал темекіге жетеді. Бұл біреулерге бақыт ғой. Сондықтан арланбай жерден көтеріп алыңыз.
Торпақ. Жақсы ешнәрсе көріп тұрған жоқпын. Шын айтам.
Егіздер. Жаман ешнәрсе байқалмайды.
Шаян. Бүгін қарныңыз ашқасын тамақ ішуіңіз мүмкін.
Арыстан. Шөлдегесін су ішетін сияқтысыз Сіз.
Бикеш. Көшеге аяқ киім киіп шығатын көрінесіз.
Сарышаян. Ең кемінде екі есікті ашып – жабасыз.
Мерген. Бүгінгі әңгімелеріңіздегі сөздерде а әрпі алтаудан кем болмайды.
Тауешкі. Майл-Агентпен кемінде бір сөз жазасыз.
Суқұйғыш. Бетіңізді жуып қалуыңыз мүмкін.
Балықтар. Сізге де сол.
Сендер үшін аспанның тілін тауып, әруақтармен сөйлескен – Сатыбалды Кебабаев. Назар салып оқығандарыңа әжесіне рахмет айтам ба, бірақ сау болыңдар!

Entry Filed under: Жұлдыз жорамал. Ілмектер: .

9 Comments Add your own

  • 1. balgyrgan  |  Шілде 30, 2008 at 3:55 тд

    ой рахмет Сатыбалды, жұлдыздар екен ғой бәрін құртып жүрген: шөлдеймін – су ішем – бір жерге, сосын, бара берем бара берем :)

    Жауап
  • 2. Ішпысқан  |  Шілде 30, 2008 at 6:39 тд

    Сен белгілі юморист емессің бе? Белгісіз болсаң да.

    Жауап
  • 3. mergen  |  Шілде 30, 2008 at 6:52 тд

    “жеті нан сияқты пара беріп көріп едім” муахахаха өртейсін!

    Жауап
  • 4. Fariza  |  Шілде 30, 2008 at 6:55 тд

    Таразы- жұлдызнамасы қайда?

    Жауап
  • 5. Айна  |  Шілде 30, 2008 at 7:07 тд

    Саке, таң атқалы 4 есік жаптым. Айтқаның тура кеватыр!

    Жауап
  • 6. Ерсін  |  Шілде 30, 2008 at 9:34 тк

    Шаян . Дәл солай болды))) не деген керемет жорамал. Бұрындары сенбейтінмін, енді жібермейтін болдым

    Жауап
  • 7. Aikona  |  Шілде 31, 2008 at 3:30 тд

    туууу *** таразыны тастап кетіпсің ғой.

    Жауап
  • 8. ruslannnn  |  Шілде 31, 2008 at 6:35 тд

    Бір тауешкі кемпір бар еді, соған мына жорамалды айтқанда, амалсыздан келіп жазды, хелловорлд деп.

    Жауап
  • 9. ruslannnn  |  Шілде 31, 2008 at 6:35 тд

    Тауешкі – зодиак белгісін айтамын просто.

    Жауап

Leave a Comment

Required

Required, hidden

Some HTML allowed:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <pre> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

Trackback this post  |  Subscribe to the comments via RSS Feed


Соңғы камментер, әжесстің.

Дос сайттар

Қас сайттар

Нақтың тақырыптарым, папасстың!

1 Арақ пен қу өмір Батиқа Хулимырзаева Дәруішөлген автономиясы Жұлдыз жорамал Нақу ақын Пәлсапалық трактаттар Хард-әдебиет Шешесс... Ық-ық Әлем хуйлықтарының хертегілері

Бәтиқашым менің!

Бұтақбас